ДИСЛЕКСИЯ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!


Елена Данилова

ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

       Менің қызым екінші сыныпқа көшкен кезде мен «Дислексия» ұғымына (оқуда қиындықтары) тап болдым. Содан кейін мен қызыма қалай көмек көрсетуге болатыны туралы түсініктемелер іздеп, жауабын интернет беттерінен таптым. Содан кейін «Дислексия» сөзі менің жаныма, өміріме және кәсіби қызметіме әсер етті. Бүгінде біздің орталық мен сияқты ата-аналарға, педагогтар мен мамандарға көмек көрсетуде .

       Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және оқуда қиындықтары бар балалар мен ересектер үшін ең жақсы жағдай жасауға дайынбыз. 

Айдос Өзбекбай

ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ 

       2019 жылы дислексия әлеуметтік орталығының сарапшылары халықаралық мамандардың қолдауымен дислексия белгілері бар балаларды Қазақстан мектептерінде табысты оқытуға жағдай жасау бойынша жоба әзірленді. 

  Құрметті ата-аналар мен білім беру мекемелерінің өкілдері оқу қиындықтары бар балаларды бейімдеу күрделі процесс және қосымша ресурстарды, атап айтқанда әдістемелік ресурстарды қосуды талап етеді. Осы бағытта біздің орталықтың атқарып жатқан жұмыстарына лайықты бағасын беріп, оқу қиындықтары бар балаларды бейімдеудің маңыздылығына көзіңіз жететіне сенімім мол! 

БІЗДІҢ ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

     2019 жылы «Болашақ» КҚ «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында Дислексия әлеуметтік орталығын іске қосу жобасы басталды. Біздің жоба Қазақстан Республикасында оқуы қиын балалармен жұмыс істеу бойынша экожүйе құруға бағытталған.

     Жоба әлеуметтік және коммерциялық бағыттан қызмет етеді.

  Әлеуметтік бағыт шеңберінде біз мамандар мен педагогтарға оқушыларды диагностикалау мен түзетудің, оқытудың, консультациялық және әдістемелік қолдаудың тегін қызметтерін көрсететін оқу орындарымен жұмыс істейміз. Негізгі шарт - әдіснаманың принциптері мен шарттарын сақтау.

   Коммерциялық бағыт шеңберінде біз пилоттық оқу орындарында оқымайтын немесе тегін қызмет көрсету саясатының шарттарынан тыс диагностикадан немесе түзетуден өтуді қалайтындар үшін ақылы қызметтер ұсынамыз. 

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТ

 білім беру мекемелерінде ОҚУ ҚИЫНДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС бойынша  ЭКОЖҮЙЕні ҚҰРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

БАЛАЛАРДАҒЫ ДИСЛЕКСИЯНЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ

Мектептерде бірінші сынып оқушыларын оқытудың қиындықтарын ерте анықтауға скрининг міндетті түрде жүргізіледі және уақтылы ден қою жүзеге асырылады. Скринингтік диагностика ата-аналардың келісімімен жүргізіледі.

ТЕГІН ТҮЗЕТУ

БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АЛУ

Біздің орталықпен ынтымақтастықты қолдайтын білім беру мекемелерінің білім алушылары тегін түзету бағдарламасын ұсыну конкурсында басымдыққа ие болады. Түзету бағдарламасынан кейін біздің маман балаға жаңа қолайлы тәсіл арқылы баланы білім беру процесіне бейімдеу бойынша ұсыныстар жазады.

ӨЗЕКТІ АҚПАРАТТАНДЫРУ

Білім беру мекемесінің педагогтері мен мамандары Қазақстанда және әлемде оқуы қиын балалармен жұмыс бойынша озық және өзекті ақпаратқа қол жеткізе алады.

БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚТА ТЕГІН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ сұхбаттасу

Білім беру ұйымдарының білім алушылары біздің мамандарымызда тереңдетілген диагностикалық әңгімелесуден өтеді, егер оларды білім беру ұйымы жіберген болса, қызмет тегін көрсетіледі.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТІҢІЗ БАР МА?

Егер Сіз «Оқуда қиындықсыз мектептер құру» жобасына қатысудың негізгі шарттары мен принциптерін білгіңіз келсе, «Толығырақ» сілтемесін басыңыз.

Толығырақ

ЖОБА САНДАРМЕН

Біз сіздермен бірге және сіздер үшін жұмыс жасаймыз

әлеуметтік сүйемелдеу аясында 2019-2020 жылдары біз үлкен жұмыс атқардық

19 ПИЛОТТЫҚ ОҚУ ОРНЫ

Өткен жылы бізге Нұр-сұлтан қаласының 18 мектебі мен 1 балабақшасы қосылды, бүгінгі таңда тізім жаңартылып жатыр.

210 ТЕГІН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Біздің мамандарымызда 210 бала тегін диагностикадан өтті, 87% - ы оқуда қиындықтарының бар екенін растады.

45 АЯҚТАЛҒАН ТЕГІН ТҮЗЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

45 бала озық түзету әдістері бойынша толық түзету курстарынан өтті және өз тәжірибелерінде нәтижелерін сынады

МЕКТЕПТЕР МЕН ОРТАЛЫҚТАРДА 100-ДЕН АСТАМ ДАЯРЛАНҒАН МАМАНДАР

100-ден астам маман оқу қиындықтары тақырыбы бойынша білімдерін тереңдетіп, өздерінің оқу орындарында ата-аналар мен балаларға кеңес беруге дайын.

галерея

атқарылған жұмыстар көрінісі

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАҒЫТ

БІЗ ӨЗ КЛИЕНТТЕРІМІЗ ҮШІН ЕҢ ЖАҚСЫСЫН ҰСЫНАМЫЗ

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ СҰХБАТ


15 000-20 000
теңге

  • Біз өзімізге жүгінген клиенттің әр жасы үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланамыз. Диагностикалық сұхбаттан кейін маман немесе сарапшы оңтайлы түзету курсын таңдап қана қоймай, үйде жұмыс істеу үшін ата-аналарға және мектепте баланы қолдау үшін мұғалімдерге ұсыныстар береді.

ТҮЗЕТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ


вариативті баға
таңдалған бағдарламаға байланысты

  • Жұмыста оқу қиындықтарын түзетудің мультисенсорлық тәсілі және Р.Дэвис әдісіне сәйкес дислексия, дисграфия, дискалкулия және зейінді түзету бағдарламалары қолданылады. Әрбір бағдарлама клиент үшін жеке таңдалады.

АТА-АНАЛАРДЫ, ПЕДАГОГТАРДЫ ЖӘНЕ МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ


вариативті баға
ұзақтығы мен деңгейіне байланысты

  • Жақын арада ата-аналар, педагогтар мен ата-аналар үшін курстар қолжетімді болады, курстар біздің мамандарымыздан супервизиялар мен интравизияларды алу мүмкіндігімен күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандарында ұсынылатын болады.

                                                   Ақысыз кеңес алу 

Пікірлер

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

БІЗДІ қолдаушылар

Жоба «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен Жастар қызметкерлері қауымдастығының негізінде жүзеге асырылуда

БІЗБЕН ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

CRM-форма появится здесь